Қаз тұрып, жаңадан жүре бастаған сәбидің жүріс-тұрысы, аяқ-басысы. Баланың апыл-тапыл жүргені артық, жүрек жылытып, сыңқылдап күлгені артық (Қ. Қуанышбаев). Қаз-қаз балам, жүре ғой, Балтырыңды түре ғой. Тай, құлын боп шаба ғой, Озып бәйгі ала ғой (С. Қасиманов). Бір жасқа толғанда ол аяғын тәй-тәй басып жүруді үй-ренеді (М. Қайрақбаев).