Аппақ, қардай, қудай, сүттей

 Кіршіксіз ақ, ақтың ағы.Жатқан төсегі де аппақ, бөлме іші де аппақ, басында үңіліп толып жатқан бір ақ бейнелі адамдар (Ғ. Сланов).Болды сабақ бұл бір тегін, Жауыз жауға қан аңсаған. Жаулар үшін болды кебін, Үстіндегі қардай шапан (Қ. Аманжолов).Есіктен аласа бойлы сақал-шашы қудай үй иесі кіріп келді (Ә. Шәріпов). Биіктен құйылған сүттей аппақ ай нұры оларды маған біртүрлі сұлу етіп көрсетті (Т. Шаханов).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *