Апалаң-топалаң, апыр-топыр, ығы-жығы, абыр-сабыр, алай-тү-лей, опыр-топыр, апай-топай, опалаң-топалаң

 Жанталасқан, асығыс-үсігіс қимыл-қозғалыс. Апалаң-топалаңның кезінде кейбір көзеген аяқтар мені тақымына қыстыра кетем дейді (Қ. Қуанышбаев). Іштен аппараттың үш-төрт қызметкерлері апыр-топыр шықты да, тоқталып қалды (М. Иманжанов). 1945 жылдың жазында Шәуілдір іргесіндегі Темір станциясының басы да ығы-жығы, абыр-сабыр адамға толып кеткен (Ж. Жұмаханов). Айқай-сүрең алай-түлей шабыспен келгендер аттан түсе-түсе қалысты (А. Тоқмағам-бетов). Әйелдер опыр-топыр шығып, тұра-тұра жүгірісті (Б. Тоғысбаев). Берекелі тірлікке үйреніп, арқа-басы кеңіген жұрттың жалғыз-ақ күнде апай-топай болуы талайымызды мәңгіртіп тастады. Жұрт көшіп бет-бетімен қашып жатыр, опалаң-топалаң боп сасып жатыр (Қ. Тәкежанов).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *