Заманында император Нерон олимпиада ойындарының жеңімпазы болып, езілген жұртының алдында тағы бір мәрте өз абыройын асқақтатқысы келген деседі. Қоластында құрдай жорғалаған жағымпаз нөкерлері зәлім патшаның дегенін екі етпепті.
Кезекті олимпиялық ойындар басталғанда арба жарысына Нерон да шығыпты, қасқайып. Ел төрт аттан жексе, ол он пар ат жегіп алған көрінеді. Басы бұлғақтап, Нерекең өле мас дит. «Әй, осы жеңіліп қап, басымызға сор болар» десе керек, жағымпаз шенеуніктер шулап жүріп бүкіл жарысқа қатысушы арбакештерді ойыннан шығарып тастапты…
Не керек, қиқулап шыңғырған елдің алдында Нерон патша бір өзі он аттық арбамен стадионды бірнеше мәрте айнала шапқан ғой. Бір кезде соңғы айналымға жетер-жетпесте есептен тыс ішкен шарабы буынға түсіп.., арбасынан ауып қалыпты.
…сонда итаршы жағымпаз шенеуніктер тобы не істеген дейсіз ғой? Олар шұрқыраса жүріп мас Неронды аяқ-қолын жерге тигізбей, көтеріп отырып межеден жүгіріп алып өтіпті.
Сөйтіп, салтанатты түрде Нерон «олимпиада ойындарының жеңімпазы» атанса керек…