«Lipton» шәйі бренді

Томас Липтон мен Том Салливан — бірінішісі «Lipton» шәйі брендінің негізін қаласа, екіншісі шәй пакетін ойлап тапқан.

Көп жерде шәй пакетін ойлап табу идеясын осы Липтонге теліп жатады. Ол, әрине, қате пікір. Тез даярланатын шәй пакетін Том Салливан деген шәй сатушы ойлап тапқан. Ал, Липтон оны кеңінен таратып, жарнамалау арқылы өз бизнесін ілгері бастырады.

Том Салливан ХХ ғасырдың басында шәй сату кәсібін жолға қояды. Кейін ол өз бизнесінің шығынын азайту үшін қалталы клиенттеріне бір салым шәйді темір қалбырға емес, жібек қалташаға салып, жөнелтіп көрген. Біршама уақыт өткен соң, оның клиенттері жібек қалташадағы шәйдің шығымы нашар екеніне шағым жасайды. Сұрастырып көрсе, олар шымшым шәйді шәйнекке қалташасымен салып, демдейді екен. Олардың бұл қылығынан жаңа идеяның ұшқынын көрген Салливан көптеген ізденістерден кейін жылдам әрі жақсы демделетін шәйқалта ойлап тапты.

Картинки по запросу липтон

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *