1995 жылдың жазында Грузия президенті Эдуард Шеварднадзеге Тбилисиде қарулы шабуыл жасалған еді. Жастар сарайына ел Конституциясын қабылдап, бекіту салтанатына бара жатқанда жол бойында тұрған «Нива» көлігі жарылып, президент болмашы жараланған. Президентке шабуылды ұйымдастырды деп Қауіпсіздік министрі Игорь Георгадзе айыпталған-ды.
Сол жолы Мәскеуге қашып кеткен Георгадзеге Прокуратура халықаралық іздеу жариялап, кейінірек оны экстрадициялағаннан кейін ғана.., тек 1997 жылы оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бірақ ол өзіне тағылған айыпты мойындамады..
1998 жылы күзде Шеварднадзеге тағы бір қарулы шабуыл жасалды. Президент отырған оқ өтпейтін бронды S-класс Мерседесті қарулы жасақ жан-жақтан атқылаған. Гранатометтен атқан екі оқтың бірі мәшинені төңкеріп, екіншісі мерстің моторын талқан етеді. Сарапшылардың айтуынша, егер екінші минамёт сәл жоғары тигенде, президенттің түгі де қалмайтын көрінеді. Атыс кезінде президенттің екі оққағары мен бір террорис оққа ұшқан.
Шеварнадзені бұл жолы да періште қағып, ол жарты сағаттан кейін ұлттық телеарнадан халыққа арнайы жолдау жасады…