Дануте Даниэльссон

1985 жылы 13-сәуірде Векшё (Швеция) қаласының көшесімен фашистік идеяны қолдаушы неонацистер тобы шеру тартып өтеді. Үдірейе қарап қалған көптің ішінен бір әйел жүгіріп шығып, әлгі фашистердің бірін қолсөмкесімен періп қалған.

Ханс Рунессон (Hans Runesson) есімді фотограф түсіріп алған бұл оқиға ертесіне-ақ әлемді кезіп кетті. Ел тыныш жатсын ба, бұл әйел туралы «Ойбай, несін айтасың.., бұл әйел немістердің концлагерінде болған екен. Жасы 54-те көрінеді. Күйеуі Гестапода өліпті-міс» деген гу-гу әңгімені таратып жібереді.

Шынтуайтында, Дануте Даниэльссон деген бұл әйелдің жасы сол кезде 38-де екен. Оның шешесі польшалық жебірей. Освенцим лагерінде азап шеккен. Шешесі лагерден шыққаннан кейін жынданып кеткен. Кейін келе, Данутенің де психикасында ауытқу пайда болып, жүйке аурулары емханасында ем алған…

Данутенің неонацистерге көрсеткен қарсылығынан кейін, заматта көшедегі жұрт жиылып, фашистік идеяны қолдаушыларды тым-тырақай қуып тыққан. Вокзал әжетханасына барып бас сауғалаған оларды полиция кеп, құтқарып алмағанда, жағдайлары қиын болады екен…

Осы оқиғадан кейін 3 жыл өткен соң, Дануте ең биік ғимараттан құлап өлген…

2015 жылы Сюзанна Арвин (Susanna Arwin)
деген мүсіншінің бастамасымен Данутеге ескерткіш қою мәселесі көтерілген. Қала мэрі бұл идеяға қарсы болған екен.., тағы да халық жиналып, 100 мыңдық қол жиып, ақыры ескерткішті орнатып тыныпты…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *