92 жастағы Зимбабве президенті Роберт Мугабенің әйелі «күйеуін халықтың қолдайтыны соншалық, келесі президенттік сайлауда ол өліп қалса да — зимбабвеліктер бір кісідей дауыс беретіндігіне сенімді екендіктерін» мәлімдеді.
— Күндердің күнінде Құдай өз бұйрығымен Мугабенің бақилық болатындығы жөнінде шешім шығаратыны анық, сол кезде де біз оның мәйітін президенттікке үміткер ретінде сайлауға қатыстырамыз, — деді алжыған президенттің «ақылды» әйелі.