Еріктен тыс, айласыз, істер амал жоқ. Әли Қабеннің илікпес түрін танып, амалсыз қоштасты (З. Қабдолов). Кейбіреулер орынсыз зығы-рыңды қайнатып, лажсыз ұрыстырады екен (Б. Момышұлы). Кемпір ша-расыз кейіппен күрсініп қойды (Д. Исабеков). Тақатсызбын, айласызбын ба-ладай әлсіз денем аян бол (М. Әуезов). Мұғалім өзінің жеке басының мүд-десін былай қойып, мұршасыздан оқушыны қатарға қосам деп, көп уақытын жұмсайды екен («Қазақст. мект.»). Қайдар ықтиярсыз күліп жіберді (З. Шашкин). Мынадай күйкі көлікті көргенде, кісі еріксіз күледі екен (Қ. Жұмаділов). Еңіске іліккен арық өгіз ырықсыз еңкілдеп келеді (Ж. Мусин).