Амалдау, айлалау, ілдалдалау, ілдебайлау, лаждау, далдалдау, емсектеу, ептесу, ептеп-септеу, өйтіп-бүйту, оғып-бұғу

Ептеп-септеп бір амалын табу, ретін келтіріп қиындықтан шығу. Амалдап сол сұлуды қолға түсір, Шаһзадам сенен өзге жанға тең бе? (Н. Ахметбеков). Кездескен соң қиындық, шыдау керек айлалап (С. Бегалин). Бәтжанның тозған киімдерін тарылтып, аударып, әйтеуір ілдалдалап кішкентайларының үстін жүдетпеуге тырысады (С. Жүнісов). Арбаның шен темірін ілдебайлап, сым темірмен шандып байлап тастадық («Жұлдыз»). Осы аз отынды лаждап, көктемге жет-сек деген Айманкүлдің ішкі есебі бар (М. Дүйсенов). Білсе қумақ түгіл құрытар да, далдалдап тарта бер, жүр (М. Әуезов). Жеріңді алса бөлшектеп, барыңды алса емсектеп, — деді Ыбырай (Ш. Хұсайынов). Ептескен екеуінің бұл жолғы орталық қоймада жасырған үлкен ұрлығы да ашылды (Б. Қыдырбекұлы). Ол шынында да барлық жағдайда ептеп-септеп күн көреді (Б. Қыдырбекұлы). Әйтеуір өйтіп-бүйтіп бәрінің санын алпысқа толтырыпты (Б. Қыдырбекұлы). Дүйсенжаным қырман қағып, оғып-бұғып ешкімге тел-міртпей тұр еді (М. Серғалиев).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *