Жақын аралықта болмай, аулақ тұрған. Жолдасын жаман болса, Алыс жүріп түн қатпа (Мақал). Қалқайып өзім туған қара лашық, ұзаған сайын артта қалды қашық (Т. Жароков). Республика орталығынан бастап қиырдағы ауылдарға дейін жаңа қоныс боп жатқан кез (Ғ. Мұстафин). Бір қызбенен айтыстым Қадиша атты, Атбасар Қараөткелде сонау шетте («Айтыс»). Соның қасында қомақты шығаннан көзге түсетін алты қанат ақ боз үй тұр (Ғ. Сламов). Ананың көзі де, көңілі де қияннан шалады ғой («Дала шұғыласы»). Отырар қаласында да ұзаққа созыл-ған жер асты жолы болған (Д. Досжанов). Алыс шалғайда жүрсем де ар-манымдай оралып алдымда жүрдің (С. Сматаев). Қала өмірінен жырақ кету деген ой Зылиханың басына келмеген еді (Н. Ғабдуллин). Кеткенім әр кез жоламай, Кеткемін аулақ наныңдар! Табысқа қалар оп-оңай, Қайсыбір жұртқа таным бар (Н. Шәкенов). Тұрғанмен бірақ алшақта, Ұмытпайды ұ-лың парызды. Көңілім менің сен жақта компастың тілі тәрізді (Қ. Мыр-залиев). Қырымнан қылт еткенде қыраңкөзін, Сезеді күн болса да келе жат-қан (Жамбыл). Бір пәлеге жолықтың шырқау барып, ала жаздай көгалды бір көрмедің, Сары жұртқа қоңдын ба ірге аударып (Абай). Алыстан сермеп, жүректі тербеп, Шымырлап бойға жайылған. Қиуаданшауып, қисынын тауып, Тағыны жетіп қайырған (Абай). Сонда қыстың қақаған ақ түтек бо-ранында ит арқасы қияң соншама керік жерге мал азығы қалай жеткізілмек (С. Шаймерденов).