Алпамсадай, мауыздай, алып, алпауыт, еңгезердей, қапсағай, қақ-пақтай алпамса, нардай, қошқардай, қапсағай

 Батыр тұлғалы, зор денелі ер адам. Ағайынды екі малшы алпамсадай мол денелі, ірі қайратты жігіттер боп шықты (М. Әуезов). Сырттан келген түні мауыздай он жігітті Сапидың ауылына аттандырды («Қазақстан мұғ.»). Алып анадан, ат биеден туады (Мақал). Алпауыт шомбал денесін ауырсынғандай, нар жілігі майыса түседі («Октябрь өрендері»). Бұлардың соңынан вагонға темір жолаушыларша киін-ген еңгезердей жас жігіт көтерілді (Қ. Жұмаділов). Мұса қапсағай денелі, сонысына үндес салқын сабырдың адамы (А. Сейдімбеков). Оны әлі кішкен-тай көріп жүрсе, екі жауырыны қақпақтай алпамса жігіт болыпты ғой (Қ. Қазыбаев). Сол Мұқаннан туылған Құлжанбек нардай болып міне отыр (Б. Әшімов). Әр есікке бір бар да «қошқардай қос ұл бер» деп қақсай бер (Ә. Әбішев). Байсалды, денесі ірі, қапсағай, көкшіл түсті үлкен көздері әрі сал-қын, әрі сыр берместей сабырлы (М. Әуезов).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *