Томас Исидор Ноель Санкара

Томас Исидор Ноель Санкара.., Буркина-Фасоның президенті. Ол ел басқарып тұрған шағында өзінің әскери шеніне сай берілетін 450$ айлықпен күнелткен. Ал, президенттігі үшін берілетін 2000$ жалақыны жетімдер үйіне аударып отырған. Оның билік басында жасаған елеулі өзгерісі — мемлекеттік шенеуніктердің жасырын табыстары мен ұрлықы есеп-шоттарын әшкерелеп, оларды халыққа шынайы қызмет етуге мәжбүрледі. Және, кейін өзінің осы ісі үшін тағынан да, басынан да айырылды…

Арам ниеттілер Санкараны тақтан тайдырып, табан астында өлтіріп тастағаннан соң, ел алдында ақталмақ боп оның бар байлығын қопарған екен.., сөйтсе, ол байғұс өзі билік құрған кезде президент болмай тұрып сатып алған ескі «Пежосы» мен мұздатқышы бұзылған ескі тоңазытқышы, 3 гитарасы мен 4 велосипедінен басқа дүние-мал жинамаған көрінеді…

Санкара президент боп тұрғанда кабинетіне желдеткіш орнатуға рұқсат бермеген дейді. «Мұндай мүмкіншілігі жоқ өзге отандастарымның бетіне ертең қалай қараймын?!» дейтін көрінеді. Одан бөлек, өзінің суретін көрнекі жерлерге, мемлекеттік басқару орындарындағы басшылық кабинеттерге жарқыратып іліп қоюға үзілді-кесілді қарсы болыпты. «Мен секілді жылтыр қара жігіт бұл елде 7 миллионнан асады, ілсеңдер — елге еңбегі сіңген қарапайым еңбек адамының суретін іліңдер!» дегенге ұқсайды…

Ол билікке келе сала мемлекеттік автопарктегі бүкіл қымбат «Мерседесті» сатқызып, шенеуніктерін сол кездегі ең арзан мәшине «Рено-5» көлігіне отырғызды. Мемлекеттік қызметкерлердің айлығын қысқартып, оларға жеке жүргізуші ұстауға, ішкі-сыртқы сапарларда бірінші класс авиабилеттерін пайдалануға тыйым салды.

Сондай-ақ, барлық деңгейдегі шенеуніктерді батыстық қымбат кәстөм-шалбар киюін тиып, жергілікті тігіншілер мақтадан тіккен арзан бағалы ұлттық киімді киюге міндеттеді. Жаңа жыл қарсаңында барлық мем.қызметкер өздерінің айлық жалақысы көлемінде қаржыны отандық әлеуметтік қорларға аударуға мәжбүр болды.

Бір жолы ел есебінен бекерге ақша алып отырған мемлекеттік басқару кабинеттеріндегі тең жарты қызметкерді жұмыстан босатып, оларды ауылдық жерлердегі қара жұмысқа жіберіп тұрып «Бұлардан салқын кабинетте отырғаннан гөрі, плантацияларда жұмыс істесе елге көбірек пайда келеді!» деген екен…

Санкара билік басына келгеннен кейін 3 жыл толғанда Бүкіләлемдік Банк арнайы зерттеу жасай отырып, 1986 жылы «Санкара келгелі Буркина-Фасода сыбайлас жемқорлық мүлдем жойылды!» деп мәлімдеме жасапты.

Томас Санкара әуелде «Жоғарғы Вольта» деп аталатын мемлекеттің атауын билікке келе салысымен, жергілікті мооре және дьюла тайпаларының тілінде «Адал адамдар елі» немесе «Лайықтылар мемлекеті» деген мағына беретін «Буркина-Фасо» атауына өзгерткен.

… . …

…сөйткен Санкараны да айналдырған жау алып тынған…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *