Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев

Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев (отуған күні – 29 қыркүйек 1966 жыл) — Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі.

Екі жоғары білімі бар. 1990 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген  «экономика» мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі: экономист — саяси экономиканың оқытушысы.

1993 жылы АҚШ-тың Миннесота қаласындағы Қолданбалы экономика департаментінің Миннеаполис штаты университетін бітірген, ғылым магистрі дәрежесі бар.

1990 жылы — еңбек жолын Сыртқы істер Министрлігінің Қолданбалы экономика департаментінің халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жөніндегі екінші хатшы лауазымынан бастаған.

1992 жылдан 1993 жылға дейін — Дүниежүзілік банк департаментінің ауыл шаруашылығы күйіне сараптау бойынша ассистенті, Шығыс Еуропа, ТМД елдерінің, АҚШ-тың кураторы.

1993 жылдан 1994 жылға дейін — Деволопед Текнолоджи Рисорста Технологиялар маркетингі жобасын басқарды, Миннеаполис, АҚШ.

1995 жылдан 2004 жылға дейін — бизнес құрылымдарында басшылық қызметтерді атқарды.

2003 жылдан  2009 жылға дейін — «Жаңа технологиялар. Қазақстан» АҚ директорлар Кеңесінің төрағасы, бас директоры қызметін атқарды.

2004 жылдан бастап 2012 жылға дейінгі кезеңде  — Халықаралық бизнес университетінің президенті.

2007 жылдың ақпан айынан бастап — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің штаттан тыс кеңесшісі, .

2008-2009 жылдары — «Инвестициялық қор» АҚ тәуелсіз директоры лауазымын атқарды .

2009 жылдан 2012 жылға дейін — «FrontierMiningLtd» директорлар кеңесінің төрағасы, сонымен бір мезгілде Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің президенті болды.

2010 жылдан 2011 жылға дейін — Алматы қаласы қаржы орталығы Академиясының директорлар Кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.

2011 жылдан 2012 жылға дейін — «Қазақстандық жылжымайтын мүлік» АҚ директорлар Кеңесінің төрағасы, .

2012 жылдан 2013 жылға дейін — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі.

2014 жылдың 7 ақпанынан тамызына дейін — Қазақстан Респубилкасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің вице-министрі.

2014 жылдың 17 тамызынан 2015 жылғы шілдеге дейін —  Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму бойынша вице-министрі.

2016 жылғы 10 ақпаннан бастап — Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі болып тағайындалды.

2016 жылдың мамыр айында Ерлан Сағадиевтің 2009 жылдан бастап оффшорлық шоттарды ашу бойынша Mossack Fonseca фирмасының қызметтерін пайдаланғаны белгілі болды. Сағадиевтің өзі ұзақ уақыт бизнесмен болғандығын және Панамалық офшорлардан өз атын көруден еш таңқалмайтынын мәлімдеді.

Әкесі Кенжеғали Сағадиев, экономика ғылымдарының докторы, профессор , Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 3 және 4-шақырылымдарының депутаты, ҚР ҰҒА академигі президенті (1994 — 1996).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *