Ферруччо Ламборгини

Италиядағы ең мықты трактор зауытын қалыптастырған өнертапқыш бір бизнесмен әйгілі спорткар жасаушы Энцо Феррариге жасаған жеңіл көлігінің кем-кетігін түзеу жолын айтып жүреді екен.

Желден жүйрік көлік құрастырушы әріптесі намыстанып кеткен ғой.., бір күні ел алдында «Сен, бәлкім, өзің құрастырған тракторларыңды жақсы жүргізуің мүмкін, алайда, ешқашан ферраридің құлағында ойнай алмайсың!» деп салыпты.

Әлгі трактор құрастырушы өнертапқыш қатты шамданып, «ерегескенде менің мәшинем сенікінен де асып түсетін болады!» деп.., әлемдегі ең жүйрік, ең қымбат, ең ыңғайлы спорткар құрастырып шыққан көрінеді!

Ол тракторшының аты — Ферруччо Ламборгини екен…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *