Әркім өз бетімен, әрқайсысы өз алдына. Көріп біле алмадық, оралғысы болсын,-деп, көпшілік алды-алдына тарай бастады (І. Жансүгіров). Шоферлер қайта жиналып тракторшыны шешті де, бет-бетіне тарап жүре берді (Қ. Исабаев). Солай етіп ер Жақып Қараханды қаратты, Айдап келген көп малды жай-жайына таратты (Мақал). Атамбайдың сөзінен кейін шамасы елу-алпыс жігіт қонақтарды күтісуге қалысты да, басқалары жөн-жөніне кетісті (К. Оразалин). Жиналғандар біраз сұхбаттасып алда тұрған жұмыс жайын ақыл-дасып, тұс-тұсына кетісті («Алғы шепте»).