Алдап-арбау, алдап-сулау, алдаусырату, алдаурату, алдарқату, алдастыру, алдамалау

Өйтіп-бүйтіп амалдау, қулықпен дегеніне көндіру. Ол енді Ғайниді айтқанына сөзбен көндірмек болып, алдап-арбап айналдыру-ға тырысты (С. Сейфуллин). Гүлсім дейтін мұғалім апай шашымнан сипап, алдап-сулап сыныпқа кіргізді, — деді Жәзира (Р. Әутәліпов). Алғашқыда астымызға көпшік қойып алдаусыратты (С. Жүнісов). Біз оны әне келеді, міне кеп қалады деп алдауратып бақтық (Ш. Айтматов).Қажымұрат әйелдер-діалдарқатып жолға салып жіберген (Қ. Ысқақов). Амангелді қолы патша өкіметінің әскерін осы шөл-тақырға алдастырып шығарып алған (С. Мұқанов). Көкірек оны алдамалап жар астына түсірді (Р.Тоқтаров).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *