Алба-жұлба, алба-далба, алба-жалба, жалба-жұлба, жырым-жы-рым, жұлым-жұлым, өрім-өрім, далба-дұлба, далба-жұлба, дал-дал, дал-дұл, пәре-пәре, дала-дала, борша-борша, жұлма-жұлма, жыртық-жыр-тық, пара-пара, парша-парша, тоз-тоз, түте-түте, тілім-тілім, ұлма-жұл-ма, шоқпыт-шоқпыт, дода-дода

 Ескіріп тозған, жыртылған,бүлінген, сау тамтығы жоқ. Жыртық мәсіден жылт-жылт еткен Малдақаңның жесірі мен жетімдерін алба-жұлба күйінде олардың үстіне кіргізді (Х.Есенежанов). Алды он үште, арты үштегі балалардың үсті-басы алба-далба, тұрмысы сұмдық ауыр (Қ. Сатыбалдин). Албарды айнала бергенімде, Айтыбайдың үйінің есігінің алдында тұрған алба-жалба қайыршыны көрдім (Т. Әбдіков). Қонайын деп едім,-деп, есіктен бір жалба-жұлба әйел кіріп келді (Ғ. Мүсірепов). Жол жиегіндегі шөп арасынан балағы жырым-жырым шалбар киген қара бала пайда болды (А. Сатаев). Тани кеттік, үсті-басына қай-қайдағы жұлым-жұлым киім киген Сағади (С. Бегалин). Хакімнің көздері Жанардың тізесіне дейін саз, сирақтарына қоңыр шыт дамбалының өрім-өрім балақтарына түсті (Х. Есенжанов). Самауырынның есік жағына кірлі майлық орамалды жайып жіберіп, үсті-басы далба-дұлба бір жігіт отыра кетті (Б. Майлин). Үстінде жыртық жерлерін ескі шүберекпен жамаған далба-жұлба жарғақ көйлек еді (Б. Тұрсынбаев). Қалжырап, шаршаған Мұстаризанның киімдері дал-дал болып денесіне жара-таңба түскен (Ш. Хұсайынов). Басы-көзі қанға боялып киімдері дал-дұл болған Кәріпжанды дедектетіп алып келді (Ә. Әбішев). Жомарттың жүзі алаулап тұр, жейдесі пәре-пәре жыртылған (Ә. Әлімжанов). Өне бойын дала-дала қылған қыран шеңгелінің ең болмаса бір өткір тұяғын шайнап кетпек еді (М. Әуезов). Неше күннен бері жаумен арпа-лысқан жұрттың үстіндегі киімдері борша-борша болып жыртылған (Ә. Шәріпов). Жауынбаев шеті жұлма-жұлма болып тозығы жеткен тарих кіта-бын алдына жайып алыпты (М. Иманжанов). Потанин жыртық-жыртық киіз үйлерде тұрып, балық аулап күн көрген қазақ кедейлерінің тұрмысын аянышпен жазады (Н. Баяндин). Жерде жатқан жылы кеудешесін алып, пара-пара болып жыртылған көйлегінің етегін жөндеді (А. Жағанова). Үсті басы парша-парша, жарасынан қан судай ағып, сорғалап келеді (Б. Мәлиев).Олардың кейбіреулерінің үстіндегі тоз-тоз шұға жамылғы түнде көрпесі, күндізкостюмі көрінеді(Қ. Сатыбалдин). Жидебай түте-түте түйе жүн шек-пенін желбегей жамылып, басын қара шүберекпен бастыра таңып алыпты (С. Омаров). Тілім-тілім шалбардың балағын тізеге дейін қайырып алып, күн ұзақ шапқылайтынбыз (С. Сарғасқаев). Далада қалды тері тон ме-нен нән бөрік, қоянға жетсе, терісін ұлма-жұлма ғып, жан алар яки жан беріп (С. Тұрсынбеков). Үсті-басы шоқпыт-шоқпыт қойшы өгізінен секіріп түсті де, қасыма келді (С. Сейфуллин). Ескі көрпенің жыртық жерлерінен дода-дода боп жүні бұрқырап шыққан (Ә. Нұрпейісов).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *