Аласару, кішірею, шөгу

 Биіктігінің төмендеуі, тапалдану. Үлкен қалаға көзі үйренген адамға бұрынғы үйлер аласарып, аумағы кішірейіп кеткен тәрізді (Т. Ахтанов). Әжігерей қарт та осынау қара жон, қайратты әйелдің көріне көзге кішірейіп, шөгіп бара жатқанын сезіп, бағып отырған (Ж. Нәжімеденов). Кешегі алпамсадай Шайзада тіпті шөгіп қалған (Ә. Кекілбаев).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *