Биік емес, ұзын емес, тырбиған, кішірек. Ыбырай ұста кемпірімен екеуі бір аласа шым үйде тұратын (С. Сейфуллин). Ауыз үйдегі дөңгелек тапал столға дастарқан жайылды (Н. Серғалиев). Қаперімде, түк жоқ кабинетімде отыр едім, бір тәпелтек кісі кіріп келді (Ә. Нұршайықов). Үндемей кіріп келдін, тайпақ қара, өзін қандай, мен қандай байқап қара (Жамбыл). Жұманның қасында өзіне тартпаған талпақ қара баласы бар екен (М. Әуезов). Ол мыртықты бі-ліп қайтесін, есімін атауға тұрмайтын бір жасық,-деп қолын бір-ақ сілтеді (К. Тоқаев). Мамалап жылап терезеге барып еді, пәс салынған пәкене үйдің терезесіне қызыл ай үңіле қарап тұр екен (Ә. Тарази). Дүйсенбайдың баласы да Бибажарға тең емес, бір қортық көрінеді (С. Сейфуллин). Жатаған тырбық селеусіндер арасынан жалт еткен бірақ жүндес қозыдай ор қояндары көрініп қалды (С. Әлжіков). Жәпекеннің соқасын мақар өгіздер мықшия тартып барады (З. Иманбаев). Ол өзі бәкене келген, кішкене бітік көзі ежірей-ген, семіз сары жігіт болатын (Т. Ахтанов). Жоғал, ақымақ мыртесе!-деген аудармада жазушы тағы бір сөзді тірілтті (М. Әлімбаев). Әбдіш екен, жанын-да бақалтақ келген біреуі бар (Б. Майлин). Жатаған келген жарау аттар сүліктей созылып, керіле құлаштап барады (Ғ. Мүсірепов). Сатанға аяғынан алдырып, Әбіш әлгі арбиған мәстеккеазар мінді (І. Жансүгіров). Быртық де-неле қара жігіт мәжілістің аяқталуын манадан шыдамсыздана күтіп отырса керек (Қ. Ыдырысов). Апырай, өздері бірінен-бірі аусайшы, өңкей қысық көз, қайыстай қатқан тәштек қаралар (Қ. Жұмаділов). Күрессе егер, көрер ем бұл шәлтіктің күшін,-деп тұрды орнынан ол әрең (С. Қалиев). Дөңгеленген жирен мұрты бар мықыр шалдан бір қарыстай ұзын Ғайни кетіп барады (О. Бөкеев). Бойын шарғы болған соң, параттың соңы боп өтетініңе өкініп отыр-мын (Т. Бигелдинов). Бір етігінің қонышын қайырмаған мыртиған қара жігіт жұрттың айғай-шуына қарамай, тракторды жылжыта бастады (Т. Нұрмағанбетов). Қоян жарысқа мұз бел тәпене бойлылар мықты келеді (Б. Әбдіразақов). Мырық Махмұд, мимырт Махмұд,-деп кемсітіп жүретін бай ағайына етікшінің ішінде ескі кіжілі бар (Б. Аманшин).