Ақылды болушылық. Сол екі ақымақтың ісіне бола екі елді бір-бірімен атыстырып қойғанда ақылдылық болмайтын сияқты (Б. Нұржекеев). Жаңа ғана көзінде ойнаған күлкініңізі де жоқ болып, реңі ақылгөйлікті, байсалдылықты аңғартты (М. Иманжанов). Өнер жолында көрген – білгенін, танып сезгенін саралап, өз жолын табу – үлкен зерделілік («Жасыл белес»). Еркеліктен естілік басым түсіп, кей істі әкесіз-ақ өзі шешті (Б. Тұлғажанов).