23-қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясында өткен саммитті шулатқан — Грета Тунберг.
Грета былтыр Нью-Йоркте 3 миллионға жуық эко-активистердің алдында сөйлеген көрінеді.
«…Кәрі шалдар, тек қана байлықты ойлаумен.., менің бақытты балалығымды ұрлап отырсыңдар!» деп, әлемдік шикізат тонаушы елдердің басшыларына.., әсіресе, АҚШ президенті Дональд Трампқа шүйліккен Грета дәл қазір Нобель сыйлығына бір аттам жерде тұр.
Енді, әдеттегідей, кек алу мақсатымен, бұл қызға қарсы кампания басталып.., Гретаны әлемдік кейбір БАҚ «кішкене эко-фашист» атандырып та жатыр…