Сәл – пәл ақ, бозғыл, қылау. Мұржасынан қылып шыққан ақшыл түтін кең қалаға лезде сіңіп жатыр (Ғ. Мұстафин). Шындағына түскен ақшылт жамаудың әр тұста бір жабысқан оймақ бұлттардан еш айырмашылығы жоқ екен (Р. Тоқтаров). Бекет кешегідей қара бұжыр емес, ақшылдау (Р. Тоқтаров). Ақшылтым көбік бақылаушынының орта шеніне дейін жетті ( А. Жолдасбеков). Есік, терезені ақтау түспен сырлапты (М. Бекбауов). Оның түсі әлдеқайда ағырақ болуы керек (Ауызекі тіл). Батар алдындағы күн сәулесіне оранған құмды дала әдеттегіден де ақшулан көрінді («Тоғызыншы шежіре»).