Ақшалы, қаражатты, пұлды, қалталы, сомалы

 Ақшасы көп, қаражаты мол. Нағашымның үйіне баратын мен оның аса ақшалы адам еке-нін аңғардым (С. Мұқанов). Жасы толмаған балаларға ата-анасы қаражатты ағалары мен әпкелеріне көмек талап етуге хұқығы бар («Семья тәрбиесі»). Я, шырағым торымның пұлды екені рас, несін жасырайын (Ғ. Сланов). «Әрине, ондай сұлу әйел әлі де болса қалталы байды табады ғой» деген суық хабар күңк ете қалған (І. Есенберлин). Нұрке – малы, пұлы бар қалың сомалы саудагер бай (М. Әуезов).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *