Аяғы кемдіктен сылтып басатын кемтар, мүгедек. Ақтоқтының беріліп отырған күйеуі ақсақ екен (Мағжан). Шойнақ деуші еді оны, енді екі аяғы теңеліп кетуге жақын (Ғ. Мүсірепов). Қой, ақсағы несі, жай әншейін болар-болмас сылтымасы ғана бар (С. Жүнісов). Ілгері қатты адымдап кетіп, сылтық аяғын ауыртып алғанын да сезбеді (М. Әбдіхалықов). Қуаттың әкесінің сынған аяғы солтақ болып біткен (Ғ. Мүсірепов). Отырып істейтін жұмыс екен, мен сияқты шойнаңға керегі де осы ғой (Ғ. Мүсірепов). Қолау деп көп мінілген тай — құнанның аяғынан ақсап қалуын айтады («Ана тілі»).