Ақ көңіл, ақ көйлек, ақжарқын, аңқылдақ, көңілшек, ақшелек

Өзім дегенде жанын үзетін, өткен-кеткенмен санаспайтын адал, ақ. Ақ кө-ңіл бір жан еді аңқылдаған, Ажары бұлтсыз күндей жарқылдаған (С. Омаров). Ой, ақ көйлек қарағым деп, бәйбіше даусын соза түсті (Ғ. Мұстафин). Сейіт балуан жомарт мінезінің үстіне аса сауықшыл, ақжарқын жігіт екен (М. Әуезов). Күлсе күледі қарқылдап, қаңқу сөзбен ісі жоқ, өзі ақ көңіл, аңқыл-дақ, сөзге сараң, ісі көп (Т. Жароков). Ұрыншақ ат арық болар, көңілшек жігіт жарлы болар (Мақал). Серік – аузын ашса, көмейі көрінетін ақшелек жігіт (Қ. Ғабитханұлы).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *