Вацлав Клемент

1894 жылы Австро-Венгр құрамына кіретін Млада-Болеслав қаласында кітап сатумен айналысып жүрген Вацлав Клемент есімді кісінің шаруаға мініп жүрген велосипеді бұзылып қалады.

Ол сол кезде Чехияда өкілеттілігі бар, велосипед жасап сатумен айналысатын «Зайдель және Науманн» («Seidel & Naumann») деп аталатын неміс фирмасына сынған велосипедін апарып өткізеді де, тауар кепілдігіне сай жөндеп беріңдер деп хат тапсырып кетеді.

Алайда, Вацлав жөнделген велосипедінің орнына «Егер сіз өз сұранысыңызға дұрыс жауап алғыңыз келсе, онда біз түсінетін тілде жазыңыз!» деген мәтінде неміс тілінде жазылған жауап хат қана алады.

Немістердің мынадай тәкаппар түрде тіл қатқанына намысы қозған ол, қолынан техника шұқылау келмесе де, велосипед жөндейтін шеберхана ашуға бел буады.., кейінірек ісі алға басқан соң, шеберханасын велосипед құрастыратын жекеменшік шағын зауытқа айналдырады да.., тіпті, мотоцикл құрастырып сату ісін жолға қояды…

Ал, 1905 жылы Вацлав Клемент өзінің алғашқы жеңіл автомобилдерін құрастырып сата бастайды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жүк машиналарын құрастырып.., оның зауытынан шыққан машиналар алыс-жақын шет елдерге тез таралады…

Міне, осылай автомобиль әлемінде «Škoda Auto» концернінің тарихы бір адамның ұлттық құндылығына деген сүйіспеншілігінен пайда болады…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *