Салт атқа пайдаланылатын жабдықтар. Айыл-тұрман тағылып, туған елін сағынып, Ақбөрте тұр жемде артқы аяғын қағынып («Дастандар»). Егерде әскер қатарына кіремін деушілер болса, оларға ат-тұрман, қару-жарақ бере-мін (Х. Есенжанов). Төреге ерген ер-тоқымын арқалар (Мақал). Бейтаныс кі-сі Күдербай ағасы екеуін ер-тұрман, әбзелі келіскен екі атқа мінгізіп жолға шыққанын өзі біледі (А. Мекебаев). Мақы күміс тұрманды қара жорғатайға мініп, Жайнақ оның шылбырынан жетектеп алды (С. Мұқанов). Ең барып тұрған қара жаяу кедей қазақтың мінерге аты болмаса да, үйінде ер-тұрманы, жүген-ноқтасы сай болады (Б. Соқпақбаев).