Боран басылып, бұлт тарқап, күннің жайма-шуақ қалыпқа түсуі. Кейде бір жұмадай, кейде он күндей айықпай, ақ боран боп түтеп тұрып алған кездері болған (М. Әуезов). Таң ата тауды бүркеген бұлт сейілді (Д. Досжанов).Үш күннен соң аспан ашылып ауа райы күліп сала берді (Ж. Жұмаханов).