Шыңғыс хан

Бұхараның соңғы ханы Сеид Әмір Әлім ханның ұлы — Шахмұрад Олимов. Әкесі өз тегін тікелей Шыңғыс ханнан тарататын соңғы ақсүйек тұқым. Бүгінгі таңда Ауған жерін паналаған Әмір Әлім ханнан 500-ге тарта тұяқ бар.

Әмірдің 3 баласы Бұхар территориясында қалып қойған. Сәбет үкіметі оларды өлтірмек боп, кейін өздерінің саяси ойынына құрал етіп қолданған.

Шахмұрад Олимов Германияда білім алған. Диктаторлық биліктің ықпалымен өз отбасы-әулетінен, әкесі мен хан тұқымынан жазбаша бас тартуға мәжбүр болған.

Әмір Әлім хан өле-өлгенше сәбет үкіметіне дұшпан боп, Гитлердің жеңіске жетуін көксеп өткен. Оның ұлы Шахмұрад Екінші дүниежүзілік соғыста сәбеттер жағында соғысып, аяғынан айырылған. Генерал-майор шенінде Мәскеуде көз жұмған…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *