Ұмытып бара жатқан ой-ын қайталап еске салу үшін айтылатын модаль сөз. Айтқандайын, кешегі ауылда қолында шиті мылтығы бар бір қазақ жолдас комиссар отырған үйді көп торыды (З. Шашкин). Айтпақшы, түнеу күнгі сен айтқан өрт сөндіруші командасы жайын біз колхоз председателімен сөйлескенбіз (С. Сарғасқаев). Айтпақшыдай, мен сізді бұрын да көрген сияқтымын, — деп, әлденені еске түсіргендей болды (З. Шүкіров).