Айнып кететін, тез өзгеретін тұрақсыз. Сатушылар мұндай айнығышсатып алушының талайын көрген бе, тағы бір әдемі пальтоны алып берді (Б. Қыдырбекұлы). Менде жоқ айнымалы ала мінез, өмірлік бір күн үшін, сертті бұзар (Ө. Тұрманжанов). Көргенде ай-нымпаздышоқ басқандай шошынып күйер денем (К. Салықов). Тіршіліктің осы кезеніңде өсіп келе жатқан организм өзгергіш келеді (Т. Күлтебаев). Сиыр сүтінің құрамы тұрақты емес, өзгермелі келеді (С. Сейітов). Өзгерімпаз неткен жан едің, — деп жолдасы қалжыңдап қойды (Қ. Шәкенов). Мінез де бара өзгерер, ал сезім әсте құбылғыш(Ә. Абайділданов). Оның құбылымпаз-дығы, бір сөзде тұрмайтыны елге мысал болып кеткен (Қ. Әбдіқадіров). Ал-тай өлкесі адамдарының өміріне де толқымалы, сүреңді бір жылдар келіп еді (Ғ. Сланов).