Белгілі мақсатты оймен бөгелу, ұзап ешқайда кете алмау, қарақ-тау. Ауылды айналсоқтап төрт күн жаттым, сонда да шеніңе бір жуытпа-дың («Айтыс»). Слет аяқталғаннан кейін де Болатбек келіп қалар деген үміт-пен Дайрабай ағайдың үйіне бір күн қарайладым (Т. Тобағабылов). Бала «аталап», Тасболатты шырғалап, сонын қасынан шықпай отырды (Б. Майлин). Осы кеште Жеңіс тек қана Тоқбаланы төңіректеп, қасынан шықпай қойды (Ө. Ахметов). Тағы бір ауыз тіл қатқалы Омар кете алмай айналақтап қалды (Ғ. Мүсірепов). Ол мені шешесінен артық көрмесе кем көрмейтін, қасымнан айналшақтап шықпайтын (З. Шашкин).