Белгілі бір аумақты жерді қамтитын территориялық бөлік. Сырт жайлауына дейінгі аймақты түгелдей сүзіп, таба алмаса да күдер үзбеген (Б. Мұқаев). Дүйсекенов туған өлкенің тарихынан мол хабардар екенін дәлелдеді (С. Бақбергенов). Жүсіп қызмет іздеп Ақмола, Қарқаралы дуандарына дейін барып қайтты (Ғ. Мұстафин). Шешесі марқұм уақтысында уәлаятына мәлім аспаз кісі еді (О. Сәрсенбаев).