Құбылыс пен зат мөлшері, саны бұрынғы қалпынан кеміп, аздық қалыпқа түсу. Қаладағы шуды азайтуға, ауа мен суды таза сақтауға биік сәнді ағаштың септігі тиеді («Парасат»).
Он бестен алтыны алсақ, тоғыз қалады, — деп оқушы жауап беріп жатты («Қазақст. мұғ.»).
Қозғалыстың артынан екі жылға толмай-ақ жұмысшылардың саның кемітіп, көбісін жұмыстан шығарып, қаңғыртып қоя береді
(С. Шәріпов).
Бәрінен де сізді отыз жеті жаста деп, жиырма жасқа шегергені керемет екен (И. Есқараев).
Ал формасы жоқ балалар мен қыздар сендер үшін программаны қысқарта алмаймын (Ә. Бүркітбаев).