Аз-аздап, аз-маз, аз-мұз, аз-кем, там-тұмдап, мысқылдап, шым-шымдап, біртіндеп, шыжымдап, тірнектеп, тырнақтап, сыздықтап

Көптен емес аз-аздан, шағындап, ақырындап, жайлап. Жел қағып, жаңбыр шаюмен үлкен үй аз-аздап сұрғылт тарта бастапты («Жұлдыз»). Партизан солдаттар келгенде газет те алып қаламыз, аз-маз хабар да алып қаламыз (С. Сейфуллин).

Шебер қайным Мәдине келіп кетсе, аз-мұз сусын қарастырса (Х. Есенжанов).

Амангелді аз-кем ойға шомып отырып қалды (М. Қаратаев).

Дала жақтан осындай жолаушылар там-тұмдап келіп жатты (Қ. Исабаев).

Уақыт өткен сайын отбасының азалы көңілі мысқалдап айға бастады (Ә. Ибрагимов).

Ата-ана баласының көкейіне жастайынан адамгершілік сезімін шым-шымдап құя берді («Қаз.әдеб.»).

Дөң жайлауға қарай бұрылған соң-ақ мұның көңілінен күдіктің бәрі біртіндеп арыла берді (М. Әуезов).

Шай ішіп, ел аяғы басылған кезде, Сәмет ағай сөз арасында менен шыжымдапсыр тартады (С. Омаров).

Тірнектеп жинаған мал, дүние шелектеп төгіліп, ұстағанның қолында кеткені ме (Т. Дәуренбеков).

Халық мұрасын тырнақтан жинап, оны жан тәнімен сүйген ғалым тарихта өте сирек (І. Омаров).

Олар қауын құрт пен қақты салады да, қою шайды сыздықтай тартады (С. Мұқанов).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *