Заттың көлемі я болмаса құбы-тың көлемі мен сан мөлшерінің жетімсіздігі, аздығы, тапшылығы.Азға қанағат етпесең көптенқұр қаларсын (Ы. Алтынсарин).Азғана мал ауылдың қорасында көлеңке сайын топтанып, көбі салған түтінге ықтансындап тұр (Б. Майлин). Еңбегіміз жанбады, мардымсыз азғантай балық ұстадық (Б. Соқпақбаев). Бірақ жүзінде мысқалдай қысылыс нышаны білінбейтін (С. Жүнісов). Қазір Заевский сырқат, аздаған зейнетақы алады («Қаз.әдеб»). Оның да жұмысты жапырып тастар қауқары шамалы (Р. Тоқтаров). Бір кез-дегі Шот та сондай шағын шаһардың қатарына жатады (А. Сатаев). Ауруға шалдыққан өсімдіктің өнімі сау өсімдіктерге қарағанда едәуір кем болады (Ж. Жиенбаев). Сол үйде жуынып-шайынып, ертеңгі тағамнан ауыс тиіп, аз-маз жөнге келді (Ж. Жұмаханов). Ішкен жегендерінен қалған аз-мұз ақшаларын алып, ертеңді асыға күткен үш бала таңды атыра алмады (Қ. Жұмалиев). Мен аға лейтенант Баубек Бұлқышев жөнінде там-тұм білетінімді ортаға салдым (М. Әлімбаев). Шынайы өнер санамалы жандарға ғана есептелінбеген, ол қашанда халықтық («Қазақст. мұғ.»). Бұл күнде айшылық алыс жерлерге қазақ енді санаулы күн, санаулы сағатта-ақ жетеді (Б. Тәжібаев).