Ажарсыз, әрсіз, әлпетсіз, өңсіз, көріксіз, шырайсыз, пішінсіз, кеспірсіз

Ажарлы емес, көрікті емес. Әділбек өзін ажарсызжігіттердің қатарына қосады (З. Шүкіров). Үшінші таразының қасында тұрған әйел бай-қауымшаәрсіз де, ақымақ та емес сияқты (К. Тоқаев). Оның қатпарланған әл-петсізбеті шиырланып, танауы делдиіп кетті (А. Сегізбаев). Ерден – жасы отыздың жетеу-сегізіне келген зор денелі, өңсіздеу қара жігіт (Е. Мырзахме-тов). Көріксіз адамды «сұлу» деушілік – керісінше айту, кекету (Қ. Жұмалиев). Үй іші шырайсыз-ақ, едені бес елі кір, терезелерінің көзі сынық (З. Шашкин). Жәмила сүйкімді емес, бірақ мінеп-сөгетін пішінсіз де емес (М. Әуезов). Дардың қасында кеспірсізбұж-бұж қара біреу пайда болыпты (Қ. Жұмалиев).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *