Дюшеннің жымиысы

Дюшен де Булон (17 қыркүйек 1806 жыл, Булонь-сюр-Мер, Франция — 15 қыркүйек 1875 жыл, Париж, Франция) – невролог және «электротерапияның әкесі».

Теңіз капитанының баласы болған. Дуэде білім алып, 1831 жылға дейін Парижде медицинаны оқиды. Содан кейін туған қаласына келіп, өз саласымен айналысады. 1842 жылы Парижге қайта оралды.

Дюшен де Булонның негізгі ғылыми қызығушылығы электрдің медицинадағы тәжірибесі болды. Ол бұлшық еттердің жиырылуын зерттеу үшін токты тірі және өлі адамдардың бет бұлшық еттері арқылы өткізіп, жүздеген тәжірибе жасады. Дәрігер қуаныш эмоциясының zygomaticus major мен orbicularis oculi бұлшық еттерінің жиырылуынан туындайтынын ашты. Бұл жымиыс «Дюшеннің жымиысы» аталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *