Сталиндік сыйлық

1949 жыл. Жазушы Валентин Катаев өзінің әдебиетке сіңірген еңбегі үшін «Сталиндік сыйлыққа» ұсынылғанын және жуырда салтанатты түрде тапсырылатынынан хабардар болады. Жақсы жаңалықты аса құпия түрде хабарлаған жанашырлары сыйлық иегерлерінің тізімі сағат 16:00-де жарияланатынын астыртын жеткізеді.

Құдайдың құдіреті, әлгі сыйлықтың иегерлерін тұп-тура өз туған күнінде жариялайтынын естіген Катаев, сол күні өзінің көңілжықпас достарын Переделкинодағы саяжайында қонақ етіпті.

Сағат тұп-тура 16:00-де радиодан әйгілі диктор Левитан сөйлей бастайды. Катаев радионың дауысын қаттырақ шығарып, қонақтарының алдында масайрап, қоқиланып отырады. Бәрі тостағандарын қыса ұстап, бір дауыстан «Ур-р-ра! Жасасын, Катаев!» деп айғайлауға дайын отыр дейді…

«Сәбеттік информбюро.., Кеңес Одағының барлық радиосы сөйлеп тұр!.. әдебиет бойынша «Сталиндік сыйлықтың» иегерлері…» деп, хабарлай бастаған ғой. Бір кезде пәлен адамның тізімі аталғанымен, Катаевтың есімі жөнінде ләм-мим сөз жоқ дейді!

Катаевтың өңі бұзылып, дем арасында түрі тұтығып, жер боп отырып қалыпты. Әйгілі сыйлықтың тізімінен алып тастау құқығы тек Стәлін жолдаста екенін жақсы білетін жазушы бір жамандықты іші сезеді. Тұтқындау, тергеу, азаптау, ату жазасы көз алдына кеп, өмірімен қоштаса бастайды…

Сілтідей тынған бір топ игі жақсының ортасында радио самбырлап тұр. Барлық сыйлық иегерлерінің тізімін жариялай келіп, радиодағы Левитан.., «Ал, жазушы Катаевқа.., хаям да жоқ!» деген ғой, тікелей эфирден…

…бұл оқиғаның соңы, әрине, ырду-дырду отырыс пен оңды-солды құттықтаулармен жалғасқаны белгілі. Мәселенің мәнісі, қопаңдап, достарының алдында тағы бір мақтанып қалғысы келген Катаевты бір қатырайын деп, әйгілі диктор саябақ маңындағы шағын ауылдың радиостанциясынан әдейі хабар таратқан екен.

Сол хабардан соң тұп-тура 1 сағаттан кейін.., Гостелерадиодан Левитан «сталиндік сыйлық» иегерлерінің тізімін бүкіл одаққа жариялаған көрінеді…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *