Айтайын деген ойын, пікірін байыптап, сабырмен жеткізе алмау, асып-сасу. Абдырап бекер саспады, көрмесе дағы еш уақ. Жалау ғып бұлғай бастады, Жейдесін бірі шешіп ап ( М.Неталиев). Тоқта дебдіремей!
Алдымен өз жөніңді айт, кімсің (Ә.Әбішев). Батырбектің жүзіндегі дегбіреу
нышанын байқап қалып, күдіктене сөз қатыпты хан сонда (С.Омаров). Мана-ғыдай дабдырамай жалтара жауап берді (М.Хасенов). Оның айтып келген хабары жұрттың бәрін әбігерлендірді(М.Қаратаев). Шапанның бір иығын жа-мылып, бір иығын жүре сұғынып қалбаңдап Бекболат шықты (Ж.Аймауытов) Көңілін қатер жайлағанымен, абдырап абалақтаған жоқ (М.Мағауин).