Абайлау, байқау, аңдау, аңғару, аңыстау, байымдау, байқастау, байыптау, парлау

Бір нәрсенің жай-жапсарын, мән-жайын терең түсініп ажырата білу, бір нәрсенің жайын сырттай бақылап білу. Байымдау, бай-ыптау, парықтау, парлау дегендер әр нәрсеге жіті қарап, оның қыр-сырына нақтылы көз жеткізу. Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар, Абайлар әрбір сөзді өз халінше (Абай). Мені ауызға алу ешкімнің де ойында жоқ екенін байқап, көңілім орнына түсіп, қызды көзбен іздей бастап едім (К.Баялиев). Аңдапқа-рап еді, ауылдың шетіндегі шым үйде тұратын көрші ауылдан көшіп келген жесір әйелдің қызы екен (М.Серғалиев). Айқын өзінің аңдамай ағат сөйлеге-нін енді ғана аңғарды(Д. Әбішев). Сұлтанмахмұт елдің көңілін, бетін аңыс-тады(Д.Әбілев). Байымдағанғаталай-талай оқиғалардың талай-талай іздері жатыр мұнда (С.Шаймерденов). Әже көңіліне ризашылық білдіре отырып, қымызын алған Шөпіш баланың осы әңгіме тұсындағы өзгерісін байқастап, әрбірболжамға ауысты (К. Оразалин). Айткен бұл жердегі астарлы сөздерді жете байыптайқойған жоқ (С.Бегалин). От жалын ақындардың төресі бұл, әрбір сөзін салмақтап парлап отыр («Ел аузынан»).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *