Aппақ батыр

«Aппақ батыр» — ғашықтық дастан. Халық ақыны Ж.Жантөбетов ел аузынан жазып алған. Дастан махаббат тақырыбын жырлауға арналған. Хан қызы Күнхан мен Зүбарша деген жігіт арасындағы бір біріне деген махаббат сезімдері туралы оқиғаға құрылып, бұған кедергі жасамақ болған қыз әкесі Қадырша хан мен қарауындағы адамдардың қара ниет әрекеттерін әшкерелеген Аппақ батырдың ерлік істері мен екі жасқа бостандық әпергенадамгершілігі жырға арқау болған. Шығарма еш жерде жарияланбаған. Түпнұсқасы толық күйінде Орт. ғыл. кітапхана қорында сақтаулы. Дастанның екінші бір нұсқасы, «Зеберше мен Гүлханыс қиссасы» деп аталады. Қолжазбада -«Аппақ хан». Бұл жыр 1942 ж. Шымкент обл-ндағы Бегімен Мұратбекұлы деген жыршыдан жазылып алынған. Жыр оқиғасы “Aппақ батыр” дастанымен ұқсас болғанымен мұнда Аппақ Үрім патшасы болып, Күнхан қыз Гүлханыс деп өзгертілген. Екі жас азапты күндерді бастан кешіріп, қантөгіс соғыс арқылы бақыттарына жетеді. Дастанның тағы бір нұсқасы Гүлханыс -Зеберше» деп аталғанымен қолжазбада «Аппақ патша» деп жазылған. Бұл жырды ел аузынан ақын, әнші Б.Бектұрғанов жазып алған. Жыр мазмұны алдыңғы нұсқалармен ұқсас. Кісі аттары мен көріністерде ғанаайырмашылық бар. Бұл нұсқа да толық күйінде Орт. ғыл. кітапхана қорында сақтаулы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *