АҢЫЗ-фольклорлық проза жанры. Онда тарихи шындыққа негізделген, халықтың тарихи жадында сақталған, әйтсе де уақыт өте өңделіп, көркемдік сипат алған оқиғалар баяндалады. Тарихи тұлғалар қатысқан тарихи оқиғалардың баяндалуы, оқиға өткен уақыт шегі, жер атауының нақтылы көрсетілуі, белгілі дәрежедегі аймақтық шектелушілік (негізінен, белгілі бір өңірде өмір сүрген адамдар, болған оқиғалар туралы аңыздар көбіректаралады), сюжетгік-композициялық шарттылықтың сақтала бермеуі -А-дың жанр ретіндегі ерекшеліктері. Заман алға озып, ел жадында тарихи тұлға көмескі тартып, тарихи оқиға елеске айнала бастағанда, әуелдегі реалистік әңгіме халықтың көркемдік қисын тезіне түсіп, өзгеріске ұшырап, А. ретінде айтылатын болған. А-дар шарттытүрде, тақырыптық сипатына қарай, тарихи А -дар жәнетопономикалық А-дар болып жіктеледі. Қазақ арасына көп тараған Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Олжабай, Райымбеқ Сұраншы, Кенесары, Исатай, т.б. көрнекті тұлғалар туралы А-дар бірінші топқа жатса, екінші топқа нақтылы қоныстардың тарихын баяндап, оның қай кезде, қалай аталуының сырын ашатын А-дар кіреді. Қазақ А-дарына алғаш назар аударған Ш.Уәлиханов пен Г.Потанинеді. А. дербес жанр ретінде М.Әуезовтіңеңбектерінде ғана қарастырыла бастады. Ол А-ға: «тарихта болған адамдар жайында айтылған, халықшығарған көркем әңгіме», -деген анықгама берді. М.Ғабдуллиносы пікірді қуаттай отырып, аңызды «аңыз әңгіме» деп атады да, оның жанрлық ерекшеліктерін айқындай түсті. А-дың жан-жақты зерттелуі С.Қасқабасовтың халық прозасына арнаған еңбекгерінде жүзеге асты.