АНТОНОВ Василий Васильевич (29.7.1923. Көкшетау обл. Арықбалық ауд,Лобанова-1984.Алматы) -жазушы, аудармашы. ҚазҰУ-ды бі-тірген. 1961 ж. «Вот публика» деген атпен алғашқы сатиралық әңгімелер жинағы жарық көрген. Жазушының «Если останетесь живы»,»Знакомая женщина» (1964),»Оглядись если заблудился»,»За Ладогой» (1966),»Последний вопрос» (1967) повестер жинақтары жарық көрген. А. көркем аудармамен де айналысты. Ол Ж.Тілековтың «Жоңғар даласында», Ө.Қанахиннің «Дәмелі», Ж.Босақовтың»Дүрбелең» романдарын орыс тіліне аударды. IIдәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған.