АНОНИМ (грек. anonymos -аты белгісіз деген мағынада) -әдеби шығарманың әр түрлі себептерге, көбінесе,саяси жағдайға байланысты авторы көрсетілмей жариялануы. Мұндайда бүркеншік есім (псевдоним) де қолданылмайды. Осындай шығармалардың нақтылы авторын айқындау үшін арнайы текстол. зерттеу жүргізілуі қажет. Көп елде А-ге мемл. тарапынан тыйым салынған.