АНОВ Николай Иванович

АНОВ (бүркеншік аты; шын тегі Иванов) Николай Иванович (30.12. 1891. Ресей. Санкт-Петербург -18.7.1980. Алматы) -жазушы,драматург,1-ші дүние жүз. соғысқа жәнеАзаматсоғысынақатысқан.Еңбекжолын 1908 ж.баспаханажұмысшысы болып бастаған. 1917 -50 ж. Омбы, Өскемен,Семей, Новосібір, Мәскеу қалаларында баспа,газет-жунал редакцияларында қызмет еткен. 1951 ж. Алматыға қоныс аударып,өмірініңсоңынадейін бірыңғай шығарм. жұмыспен шұғылданған.Алғашқы әңгімелері 1914 ж. жариялана бастады. «Днепр құрылысы» (1931), «Жоғалған інім» (1941, толықтырылған нұсқасы -1960), «Ақмешіт» (1948), «Ән қанаты» (1956) кітаптары. «Менің жастық шағым» (1964. трилогияның 1-кіт.), «Выборгжағы»(1970,2-кіт.),»Омбыдағы интервенция» (1978. 3-кіт.). «Азия» (1979) романдарын. «Мәртебелінің өлімі» (1961). «Қазынатүбегі» (1965),»Кашира аңызы» (1968) повестері жарық көрген. Драматургия саласында»Сауығу» (1925),»Серкенің елге оралуы» (1934),»Жүрек әмірімен» (1955. Я.С. Штейнмен бірге), «Орынбор өткендерінен» (1956), «Мұрагерлер» (1961), » Қаһармандарды іздеу» (1974) пьесаларын жазды. «Ширек ғасыр» (1945), «Қазақстан даласында» (1953), «Ән қанаты» (1956, А.И. Витензонмен бірге) киносценарийлерінің және «Әдеби қиылыстарда» (1974) естеліктер жинағының авторы. М. Әуезовтың «Абай жолы» романының 2-кітабын орыс тіліне аударуға қатысқан. Қазақстан Мемл. сыйл. лауреаты («Кашира аңызы» кітабы үшін. 1970). Еңбек Қызыл Ту орденімен 2 рет және медальдармен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *