АНАФОРА

АНАФОРА (грек. anaphora -биікке шығару) әдепкі қайталау -өлеңдегі әр жол немесе әр тармақтың бір сөзбен басталып, қайталанып келуі. А. өлеңнің әуезділігін күшейтетін стильдік тәсіл. Қазақ поэзиясында А-ның мынадай түрлерін кездестіреміз: 1. Әуендік А.: Мыс., Балдырғаны біліктей, Балаусасы жібектей… (I. Жансүгіров). Синтаксистік-ырғақтық А. Мыс., Қанатын бер қыран құстың, Ашуын бер арыстанның, Жүрегін бер жолбарыстың… (Қ. Аманжолов). Лексикалық А., Кім көрді көктің жерге құлағанын, Кім көрді күннің жарық сұрағанын… (И. Байзақов). Әуендік-лексикалық А., Қайтсін ол, жыламасқа жанға батты, Күйінді ол, күңіреніп Қүлагерге, Айрылды ол аттан жақсы, достан тәтгі. (I. Жансүгіров).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *