АМАНГЕЛДИН Көлзақ (1886. Қарағанды обл., Нұра ауд., бұрынғы «Париж коммунасы» ұжымшары -1955. сонда) -ақын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы. Өлеңдері ауыл өмірінің, Қарағанды жұмысшыларының тіршілік тынысын жырлауға құрылған. Халық мұрасын, әсіресе, Қарағанды жұмысшь шарының өлең-жырларын жинап, тапсыруда елеулі еңбек сіңірді. «Қамбар батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын» жырларының жаңа нұсқалары да осы ақыннан жазылып алынған.