АЛЬБОМДЫҚ ЛИРИКА — лирикалық жанры. Алғаш орта ғасырлардағы француз поэзиясында пайда болған. Бұл жанрға жататын өлеңдерге тән басты қасиет -сыршылдық, нәзік сезімге берілу. Бұл сипат оңаша, өзімен өзі болып отырып сыр шерту, көлденең адамға білдірмейтін ішкі сезімді, жүрек сырын қағазға жазудан келіп шыққан. Кейін Франциядан бүкіл Еуропаға тарайды. А. л-ны әуесқой ақындар да көп қызықтаған. Қазақ поэзиясында А. л. түріне жақын келетін өлеңдер біршама. Мыс., М.Жұмабаевтың арнау өлеңдері.